• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Саясат 27 Қыркүйек, 2019

Әлемдік интеграция мәселелері талқыланды

1150 рет
көрсетілді

Елордада «Әлемдік интеграциялық процестер тенденциясы: сын-тегеуріндер және мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

Еуразиялық интеграция институты ұйымдастырған конференцияға Германия, Ресей, Қырғызстан, Беларусь және Қазақстанның сарапшылары, мемлекеттік орган­дардың өкілдері, ғылыми қызметкерлер, докторанттар мен магистранттар қатысты. Жиында Қазақстанның интеграциялық үрдістер жүйесіндегі орны, ЕАЭО және әлемдік интеграциялық үрдістер мен олардың мүмкіндіктері сөз болды.

Еуразиялық интеграция институты директорының орынбасары, саясаттанушы Дарханбек Жандилдиннің айтуынша, қазіргі кезде интеграциялық процестердің ауқымы терең сипатқа ие болды. «Туындаған қарама-қайшылықтар мен қатерлерді шешу мемлекеттер тарапынан үлкен күш-жігерді талап етеді. Бастысы – жан-жақты талдау, талқылау және одан әрі ықпалдасу бойынша ұсыныстарды әзірлеу», деді ол.

Сондай-ақ шарада Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Интер­националдандыру және имидж орталығының директоры Сеийт Али Авджу, Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Томас Хельм және өзге де сарапшылар ғаламдық саяси трендтер мен сын-тегеуріндер тақырыбын ортаға салды. Томас Хельм өз сөзінде басты ғаламдық трендтер ретінде АҚШ пен Қытай арасындағы биоөрістілік, кибер шабуылдар, ресурстық қауіпсіздік, энергетика және климат, цифрлық инновация және коммуникация, жасанды интеллект мәселелерін атап өтті. Пленарлық отырыстан кейін панельдік сессияларда интеграция мәселелерін отандық және шетелдік сарапшылар бірге талқылады.