• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Қыркүйек, 2019

Кеңес отырысы өтті

118 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Ә.Смайыловтың төрағалығымен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы өтті.

ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты дамыту елдің сыртқы экономикалық саясаты басымдықтарының бірі екенін атап өтіп, Қазақстанның ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимылы туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Ә.Ирғалиев хабардар етті. Ол 2015 жылы ЭЫДҰ-мен үш жылға арналған Елдік бағдарламаға қол қойылғанын атап өтті (2015-2018 жж.).

2020-2021 жылдарға арналған ЭЫДҰ-мен жаңа жобалар туралы Әділет министрі М.Бекетаев, Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Ә.Ирғалиев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов баяндады. Өз кезегінде, ЭЫДҰ жаһандық қатынастар хатшылығының Еуразия бойынша дивизия басшысы У.Томпсон Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының қорытындылары мен одан арғы ынтымақ­тастығы туралы айтып берді.