• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Бокс 01 Қазан, 2019

«Qazaqstan» және «Qazsport» арналары Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченконың боксын тікелей эфирде көрсетеді

538 рет
көрсетілді

5 қазанда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) арасындағы жекпе-жек өтеді. Бұл туралы «Қазақстан» телерадиокорпорациясыныңБаспасөз қызметі хабарлады. 

Әйгілі «Madison Square Garden» алаңында өтетін бокс кешінде қарсыластар IBF нұсқасы бойынша орташа салмақтағы Әлем чемпионы титулына таласатын болады.

Сондай-ақ бұл бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (15-0, 11 КО) америкалық Эндрю Эрнандеске (20-7-2, 7 КО) қарсы қолғап түйістіреді. 

«Қазақстан» РТРК» АҚ бокс кешінің барлық кездесуін көрсету құқығына ие болды. Жекпе-жектерді «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде ұсынады. Трансляция Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 6 қазан күні 05:00-де басталады.

Сонымен қатар телерадиокорпорация қазақстандық көрермендерге кездесулерді qazaqstan.tv және qazsporttv.kz cайттары арқылы, QAZAQSTAN TV мобильді қосымшасы онлайн тамашалау мүмкіндігін ұсынып отыр.

Бұл кездесу - Геннадий Головкиннің DAZN стримингтік сервисімен жасасқан келісімшарт бойынша екінші жекпе-жегі. Алғашқы кездесуде ол канадалық Стив Роллсты нокаутпен жеңген болатын.