• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Қазан, 2019

Сенаторлар ЕКПА күзгі сессиясының жұмысына қатысуда

128 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаттары Сәуле Айтпаева және Сергей Плотников Страсбургте өтіп жатқан Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) жетпісінші сессия төртінші бөлімінің жұмысына қатысуда.

Сенаторлар Сәуле Айтпаева мен Сергей Плотников ЕКПА парламенттік алаңында Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблея Төрағасының орынбасары Антонио Гутьерреспен, Қазақстанмен парламентаралық әріптестік мәселелері жөніндегі фин депутаттарымен және Испания мен Финляндиялық депутаттар тобымен бірқатар кездесулер мен келіссөздер өткізді. Депутаттар Құқықтық және адам құқықтары мәселелері жөніндегі комитеттің отырысына қатысты.   

Сессия аясында Еуропадағы омбудсмен қызметтеріндегі құқық бұзушылықтар туралы белгі беретін тұлғаларды қорғауды күшейту, терроризм құрбандарын қорғау мен қолдау, Еуропа Кеңесінің Даму банкінің, Молдова Республикасында демократиялық институттардың қызмет етуі, еврей мәдени мұрасын сақтау, Шығыс Еуропа елдерінен еңбек миграциясы мәселелерін қарастыру жоспарланып отыр.