Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде 3 қабатты 4 жатақхана құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы білім ордасының баспасөз қызметі хабарлады.
Жоғары оқу орнында бүгінде 5 қабатты бір жатақхана бар. Онда 465 студент тұрып жатыр. Сонымен қатар университет 135 орындық бір ғимаратты жалға алады. Екеуін қосқанда барлығы 600 студент жатақханамен қамтамасыз етілген, бұл - оқу орнындағы барлық студенттің 25 пайызы ғана. Қалған 75 пайыз студент пәтер жалдайды немесе туыстарының үйінде тұрады.
Жағдай осындай болған соң, университет қаладағы Тәуелсіздік көшесінен 3 қабатты төрт жатақхананың құрылысын бастады. Алдымен жобалық-сметалық құжаттарды дайындау үшін Жезқазған қаласындағы «Шебер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 14 милиион 560 мың теңгеге келісім шарт жасалды. Жобаның жалпы құны 575 миллион 954 мың теңге тұрады. Қазір жатақхана құрылысын жүргізетін мердігерлер үшін байқау аяқталып, олар анықталған. Құрылысты мамыр айынан бастап «Наладочный центр Темиртау» деп аталатын құрылыс компаниясы жүргізуде. Техникалық бақылауды қостанайдық «ЛИР» ЖШС міндетіне алды.
Қостанай