Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Маңғыстау өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны мен бірқатар қоғамдық мәселелер талқыланды. Алдымен облыс әкімі аймақтың экономикалық даму көрсеткіштері жөнінде баяндады.
Өңір экономикасының дамуы соңғы 3 жылда 3,7%-ға өскен. Ішкі өңірлік өнім көлемі - 661 млрд теңге, нақты көлем индексі 97%-ды құрайды.
Өңдеу өнеркәсібінің көлемі – 110 млрд теңге, ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 10 млрд теңгені, ал шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8,1%-ға артып 54 мың бірлікті құрап отыр. Сондай-ақ өнеркәсіп өнімі - 1,9 трлн теңге, тау-кен өндірісі - 1,7 трлн теңге, мұнай өндіру - 11,9 млн тонна, табиғи газ өндіру - 2 млрд текше метр, инвестиция көлемі – 292 млрд теңге, құрылыс жұмыстарының көлемі – 84 млрд теңгені құрады.
Қоғамдық кеңес отырысында Маңғыстау өңіріне қатысты мәселелер айтылды.