• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 18:05

Владимир Путин Мемлекет басшысын референдумның табысты өтуімен құттықтады

20 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Ресей Президенті Мемлекет басшысын Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау бойынша жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президенттер өзара қарым-қатынастың күн тәртібін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жоспарлаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды нығайту тұрғысынан айрықша мәнге ие екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Ораза айт мерекесімен құттықтады

Владимир Путин Астанада өтетін алдағы келіссөздерге берілген мұндай бағамен келісетінін жеткізіп, екіжақты ынтымақтастық барлық стратегиялық салада қарқын алғанына назар аударды.

Президент Алматы қаласының әкімін қабылдады

Соңғы жаңалықтар