Өңірде «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 160 тұрғынның құжаттары қаралып, өтініштері қолдау тапқан. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметі хабарлады.
Жыл соңына дейін тағы да 60 отбасы баспаналы болады деп күтілуде. Бұдан бөлек халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау мақсатында жалпы ауданы 17 мың шаршы метр болатын 272 пәтерлік 34 жалдамалы тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Осы үйлердің ішінен биыл 256 үй тапсырылады.
Сонымен қатар, осы жылдың бюджетінде көпбалалы отбасылар үшін Ақтау қаласынан 205 пәтер сатып алуға қаржы бөлінді.