• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қазан, 2019

Маңғыстауда су тұшыту зауыттарын салу жоспарлануда

418 рет
көрсетілді

Аймақтың су тапшылығы мәселесін шешу мақсатында «Каспий» су тұшыту зауытының тәуліктік қуатын 20 мың текше метрден 40 мыңға дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл жайында Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ инвесторлармен және өңірдің мұнай өндіруші компанияларымен бірлесе отырып «Кендірлі» аймағында 50 мың текше метр, Құрық ауылында 45 мың текше метр және «Қаражанбас» кенорнында 17 мың текше метр, барлығы 112 мың текше метрді құрайтын су тұшыту зауыттарын салу қарастырылуда.

Жобалар іске асырылған жағдайда су өндіру көлемі 130 мың текше метрге дейін жеткізіледі.