Облыстың барлық мектептерінде «Эко-сағат» кең көлемді республикалық акция басталды. Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының, экологиялық ұйымдар қауымдастығының бірлескен бастамасы елімізде қызу қолдауға ие болды.
Біріңғай республикалық экологиялық сағат аясында облыстың барлық оқу орындарында экология тақырыбында сабақтар өтті. Оған ұстаздар, оқушылар мен студенттер белсенді атсалысуда. Оқушылар табиғат туралы бейнероликтер көрді. Осы шара барысында облыстың аудан-қалаларындағы мектептер айналасына 25 мың көшет егіледі.
Биыл ғана ашылған Әуежай шағын ауданындағы №29 аралас орта мектеп маңына көшет отырғызуға облыс әкімі А.Мұхамбетов те қатысты.
«Дана халқымыз «бір тал кессең, он тал ек!» деп, қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға ерекше мән берген. Бүгінгі шара да сол игі дәстүрді жалғастырып, мектеп аулаларында жас көшеттерді егуге бағытталып отыр. Бұл бүгінгі ұрпақтың ғана емес, келер ұрпақтың игілігі үшін жасалып отырған маңызды қадам деп білемін. Ағымдағы жылдың мамыр айында Қазақстан-Ресей жастарының форумы қарсаңында Қостанай және Қорған облыстарының аумағында екі елді біріктіретін Тобыл өзенінің бойында "ECO - challenge Qostanai" шарасы өтті. Челленджге облыстың 8 қаласы мен ауданының жастары белсенді қатысты. Ол еліміздегі барлық өзендер мен көлдердің жағалауларын тазалауға бағытталған "Qazaqstan sylary" жалпы қазақстандық жастар қозғалысының бастапқы алаңына айналды» деді Архимед Бегежанұлы.
Мұнан кейін обылстық, қалалық акимиат өкілдері, қоғамдық белсенділер, ұстаздар бастаған топ жаңа мектептің маңына көшет отырғызды.