Бірлескен іс-шаралар барысында Қарасай ауданы бойынша МКБ қызметкерлері және облыс МКД және ДЭР қызметкерлері мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау мен айналымының жолын кесу мақсатында Қарасай ауданының аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тексерудің нәтижесінде Қарасай ауданының Көксай ауылында жалпы сомасы 1 266 300 теңгеге 13,5 тонна дизель отынын ілеспе құжатсыз тасымалдаған тіркемесі бар Зил маркалы автокөлігі ұсталды.
Қазіргі уақытта әкімшілік заңнамаға сәйкес кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, материалдар Қарасай ауданының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына берілді.