• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Қазан, 2019

Қазақстан Елшісі Үндістан Президентіне сенім грамоталарын табыстады

286 рет
көрсетілді

«Раштрапати Бхаван» Президенттік сарайында Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшісі Ерлан Әлімбаев Үндістан Президенті Рам Натх Ковиндке сенім грамоталарын табыстады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шарадан кейін өткен кездесу барысында Президент Р.Ковинд Қазақстан өкілінің рәсімді хинди тілінде өткізгені үшін ризашылығын білдірді және дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтай отырып, екі ел арасында қалыптасқан қарым-қатынастардың сенімді сипатын атап өтті.

Елші Е.Әлімбаев Үндістан Президентін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауында айтылған ел экономикасын жаңғырту және әлеуметтік саланы жақсарту бойынша Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, әңгімелесушілер бірқатар өзекті мәселелерді, оның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ықпалдастық туралы пікр алмасты.