Талдықорғандықтар қала күні мерекесін тойлауда. Жерлестерінің қуанышын бөлісуге ғарышкер Айдын Айымбетов арнайы келді.
Халық Қаһарманы қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымовпен бірге облыс орталығындағы перзентханаға бас сұғып, қала күнінде дүниеге келген нәрестелердің анасын құттықтады.
Бүгін қалалық перзентханада 11 нәрестенің кіндігі кесіліпті. Олардың жетеуі ұл, төртеуі қыз екен. Ғарышкер қала күнінде туған нәрестелерге бата берсе, қала әкімі арнайы сый тарту етті.
Алматы облысы