• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Қазан, 2019

Қапшағай гарнизонының бөлімшелері дабыл бойынша көтерілді

294 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Қапшағай гарнизонында Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімдерін және радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бөлімін дабыл бойынша көтерді.

Әскери бөлімдерді дабыл бойынша көтеру­дегі бас­ты мақсат – бөлімшелердің арнаулы тап­сыр­­­ма­ларды орындаудағы қабілеттерін тексеру еді.    

Толықтай жауынгерлік дайындыққа келті­рілгеннен кейін бөлімше белгіленген аудан­дарға марш жасап, ол жерде қойылған  оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындады. Командирлер шеру жағдайында әртүрлі шешімдер қабылдады.

Тексеріс барысында жеке құрамның штат­тық қару-жарақтармен іс-қимылдар жасауы­на, тәжірибелік оқ атуларды орындауына, жа­уын­герлік даярлық пәндері бойынша нор­ма­тив­­тер­ді жүргізуге және пысықтауға ерекше назар аударылды. Тексеру нәтижелері бойынша Қорғаныс министрі жауынгерлік әзірлікті қажетті деңгейде ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берді.