• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Қазан, 2019

Қостанайда ауқымды веложарыс өтті

208 рет
көрсетілді

Қостанай велоқауымдастығының мұрындық болуымен  бұқаралық спортты дамыту мен саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ауқымды веложарыс өтті. Дәстүрлі  шараға   Лисаков, Рудный қалалары мен Денисов ауданынан 30 велосипедші келді, барлығы 250 аса әуесқойлар қатысты. Олардың жас шамасы 10 жастағы ала мен 70-тегі қарияларды қамтыды. Облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев бастаған велошабандозбар 15 шақырым қашықтықты жүріп өтті.  

«Жарысты ұйымдастыруға облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың өзі  бастамашы болды. Бұл веложарыс біздің алғашқы ауқымды іс шарамыз. Осы уақытқа дейін шағын жарыстар өткізген болатынбыз. Жарысқа 120-ға жуық адам қатысады деп жоспарлаған едік, 250-ден астам адам тілек білдіріп, ауқымды шараға ұласты» дейді Қостанай велоқауымдастығы  төрағасының орынбасары Қанат Сағымбаев.

     Дәстүр бойынша жарыс облыс әкімдігінің алдындағы алаңнан баcталып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы  саябағының жағалауындағы мәресіне жетті. Жиналған көрермендердің қошеметі жарысқа қатысушыларға жігер берді.    

      Сондай-ақ, жарысқа қатысушылар ұстаздар күніне орай  Ыбырай Алтынсарин кесенесіне гүл шоқтарын қойды.

Қостанай

Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков.