Жастар жылына орай еліміздегі жоғары оқу орындарының журналистика факультеттерінде оқитын студенттер арасында байқау ұйымдастырылады.
Конкурстың мақсаты - елімізде болып жатқан өзгерістерге бейжай қарамайтын, қоғамдық процестерге белсене араласатын отаншыл, өз ісінің озық маманы саналатын жас буынның ең лайықты өкілдерін болашақ журналистердің қаламы арқылы көпшілікке таныту.
Осы бағытты жазылған материалдар 2019 жылдың 2 қазанынан 10 қарашасына дейін info@egemen.kz электронды мекенжайына қабылданады.
Келіп түскен материалдар редакция алқасында қаралып, ең үздік жұмыстар анықталады. Конкурс жеңімпаздары «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығы аясында өтетін салтанатты іс-шарада марапатталады.