• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Үкімет 07 Қазан, 2019

Соңғы 7 жылда транзиттік жолаушылар ағымы 45 есе көбейді

199 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елімізде азаматтық авиацияның дамуы туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, «Самұрық-Қазына» АҚ Көлік және логистика жөніндегі басқарушы директоры Қ. Алпысбаев, Энергетика министрі Қ. Бозымбаев, «Эйр Астана» АҚ президенті П. Фостер баяндама жасады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов өз баяндамасында атап өткендей, азаматтық авиация саласы бүгінгі күні басым бағыттардың бірі.

«Азаматтық авиациядағы негізгі көрсеткіштер динамикасы өсімді көрсетеді. Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша қызмет көрсетілген жолаушылар саны 6,3%-ға өсті, 5,6 млн жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылдың ұқсас көрсеткішінен 1,8%-ға артық. Соңғы 7 жылда транзиттік жолаушылар ағыны 45 есеге артты. Біз ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 1 млн транзиттік жолаушыға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз», — деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі. 

Жалпы елімізде 59 авиакомпания жұмыс істейді. 9 қазақстандық авиакомпанияның Еуропалық Одақ елдеріне ұшуға рұқсаты бар. Ішкі нарықта 8 қазақстандық авиакомпания 54 маршрут бойынша ұшуды орындайды. Әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде 893 әуе кемесі тіркелген.

Бүгінгі күні ИКАО стандарттарына сәйкес ұшу қауіпсіздігі деңгейі бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында 74% көрсеткішпен II-орынды иеленеді, әуежайлардың қауіпсіздік деңгейі 83%-ды құрайды. Қазақстанның авиациялық қауіпсіздік саласындағы жетістіктері ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде ИКАО Кеңесінің марапатымен атап өтілді.

Жалпы әуе кемелері паркінің өсуі және жаңаруы, сондай-ақ, ұшу қарқынының ұлғаюы байқалады.

Ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап мемлекет 100% қатысатын «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамы жұмыс істей бастады. Осы ұйымның негізгі функциялары – авиакомпаниялар мен әуе кемелерін техникалық бақылау және қадағалау, ИКАО стандарттарына сәйкес персоналды оқыту. 

Енді Қазақстанға ұшу қауіпсіздігінің еуропалық стандарттарын енгізу бойынша техникалық қолдауды британдық агенттіктің жетекші еуропалық сарапшылары көрсететін болады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, азаматтық авиация саласындағы проблемалық мәселелердің бірі — авиабилет құнының жоғары болуы, ол өз кезегінде әуе тасымалдарына баға белгілеу, авиаотын және жолаушылар ағынының деңгейі сияқты факторлармен байланысты.

«Қазіргі уақытта авиабилет құны негізінен баға белгілеудің нарықтық және динамикалық механизмі (бәсекелестік, сұраныс, маусымдық, мереке және демалыс күндері) негізінде қалыптасады. Мемлекет тікелей реттемейді және тек авиакомпаниялар үшін бәсекеге қабілетті жағдайлар жасайды. Бәсекенің арқасында ғана біз авиабилет құнын төмендетеміз. Мемлекет өз кезегінде нарыққа тиісті қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Сондықтан осы проблеманы шешу үшін министрлік бірқатар шара қабылдауда», — деді сала басшысы.