• RUB:
    4.84
  • USD:
    441.41
  • EUR:
    477.78
Басты сайтқа өту
Президент 08 Қазан, 2019

Телефон арқылы сөйлесті

172 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөй­лес­ті, деп хабарлады Қа­зақ­стан Президен­ті­нің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қа­сым-Жомарт Тоқаев Ресей Фе­дерациясының Президенті Вла­димир Путинді туған күні­мен құттықтап, зор денсаулық, бақ-береке және Ресей хал­қының игілігі жолындағы еңбегіне табыс тіледі.

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттық­тағаны үшін ризашылық біл­ді­ріп, достық пен тату көр­ші­ліктің берік қарым-қатынасына құрылған Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақ­тастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Екі елдің басшылары ал­дағы жұмыс кестесін ақыл­дасты. Оның ішінде биыл­ғы 6-7 қараша күндері Омбы қаласында өтетін Қазақ­стан мен Ресей ынтымақтас­ты­ғының XVI аймақаралық форумына дайындық барысын талқылады.