• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Қазан, 2019

Салтанатты түрде ант қабылдады

649 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларының барлық «Жас ұлан» республикалық әскери мектептерінде тәрбиеленушілер ұлан антын қабылдады. Салтанатты іс-шараға Қарулы Күштердің ардагерлері, тәрбиеленушілердің ата-аналары қатысты.

Елордада орналасқан армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебіне қабыл­дан­­ған 237 тәрбиеленуші салтанатты түр­де ант қабылдады. Дәстүр бойынша ұлан­дар Кеңес Одағының Батыры, Халық қа­һар­ма­ны, армия генералы Сағадат Нұр­ма­ғам­бе­товтің ескерткішіне гүл шоқ­тарын қойды.

Іс-шара ұландарды алаңға тұрғызудан және мектеп туын кіргізуден басталды. Әскери мектеп тәрбиеленушілерінің маңызды оқиғасымен Қорғаныс ми­нистрі­нің орынбасары, генерал-майор Тимур Дәндібаев құттықтады.

«Сіздер әрқашан тек кәсіпқой әскери қызметшілер ғана заманауи Ар­мия­ның негізін құрайтындығын есте сақ­тау­ларыңыз қажет. Жас болғандары­ңызға қара­мастан, сіздер дұрыс жолды таң­да­дыңыздар. Адамның есеюі қоғамда өз орнын табумен, бастысы болашақ ма­ман­дық­ты таңдауға тікелей байланыс­ты. Бұл үдерістен қалай өтетіндеріңіз сіздер­дің ал­дағы тағдырларыңызды айқындайды» деп атап өтті.

Бұдан кейін ұландар ант берді. Ант­ мәті­нінде «Мен әскери мектеп­ тәр­­бие­­­ленушісінің ары мен абыройын ар­дақтауға, мүлтіксіз тәртіп пен әс­ке­ри кі­шіпейілдік ережелерін сақ­тау­ға, бар ынтаммен Отанымыз – Қа­зақ­стан Рес­публикасын қорғауға өзімді дайын­дау­ға ант етемін», деп жазылған.

Салтанатты іс-шараның соңында барабаншылар ротасының ұландары ба­рабандарымен дефиле көрсетсе, 4-ші оқу ротасының тәрбиеленушілері қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін, ал 2-ші оқу ро­та­сының ұландары қарумен өз қойы­лым­дарын ұсынды.

Бұдан кейін ата-аналар мен келген қонақтар әскери мектептің оқу-мате­риал­дық базасымен, сондай-ақ тұрғы­лық­ты жағдайымен танысты.

Ант беру уәдесін Шымкент қаласы мектебінің 200-ден аса ұландары да қа­былдады. Тәрбиеленушілер әскери мек­тептің аты берілген Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ бұл күні Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Бигел­динов атындағы Қарағанды «Жас ұлан» республикалық мектебінің 225 ұланы ант қабылдады.

Білім алушылар стандартты мектеп сабақтарымен қатар әскери пән­дерді, оның ішінде жалпыәскери так­­тиканы, байланыс негіздерін, сап­тық дайындықты, жалпыәскери жар­ғыларды және т.б. меңгеретіндігін ай­тып өткен жөн. Ұландар әскери пән­дердің сыныптарындағы әс­кери тех­ни­ка мен қару-жарақтың үлгілері бойынша зерттелетін материалды іс жү­зінде бекіте алады.