• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Қазан, 2019

Конфедерациялар кубогында финалға шықты

282 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Армия орталық спорт клубының (АОСК) спортшылары жолдама алған Конфедерациялар кубогының қазақ күресінен іріктеу кезеңі өтті.

Қазақстанның 7 спорт­тық клубынан келген 100-ден аса спортшы 7 сал­мақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Армиялық спорт­шылар еліміздің түр­лі спорт клубтарынан кел­ген, атап айтқанда,  Ал­маты қаласының «Qazaq kuresi», Қарағанды қала­сының «Қарағанды қазақ күресі» және «ЗАККАР», Нұр-Сұлтан қаласының «Елорда батырлары» мен­ Жам­был облысының «Жек­пе-жек» клубтары қар­сыластары бір-бірімен кез­десті.

«Аталған турнир, 6-7 желтоқсан аралығында Ал­маты қаласында өте­тін Конфедерациялар ку­богына іріктеу болды. Бұл турнир өзіне дзюдо, қа­­зақ күресі, таэквондо, бокс, еркін және грек-рим кү­ресі сынды спорттың бес түрі бойынша сайысқа түсе­тіндігімен және де «қа­быр­ғадан қабырғаға» фор­матында өтетіндігімен ерек­шеленіп отыр. Біздің спортшылар жақсы нәти­же көрсетіп, аталған ку­бокқа жолдама алды. АОСК құрамына ҚР ҚМ АОСК мерзімді қызметте жүр­ген қатардағы жауынгерлер Ерасыл Сәкенұлы мен Еркебұлан Абдулла кірді», деп атап өтті Қа­зақ күресі бойынша коман­даның бастығы Асан Мам­бетқұлов.