Зайсан шекара отрядының Руслан Зәкиев атындағы заставасы аумағында, Сауыр тауларындағы «Тақаш» қыстауы маңынан 3 қапқа толтырып емдік қасиеті зор «Алтын тамыр» өсімдік тамырын жинап алған азамат ұсталып, Зайсан аудандық полиция бөліміне тапсырылды.
Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабымен (Сирек кездесетін және жойылу қаупі бар, пайдалануға тыйым салынған өсімдік түрлерін заңсыз жинағандығы үшін) жауапқа тартылуы мүмкін.