• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Қазан, 2019

«Қайсар» футбол клубы Қазақстан кубогын жеңіп алды

Елордада Қазақстан кубогының финалы өтті. Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы мұнайлы өлкеден келген «Атырау» командасын 2:1 есебімен жеңіп, өз тарихында осымен екінші мәрте Қазақстан кубогын жеңіп алды.

Бұл екі команда жаз ортасында Қазақ­стан кубогының финалына шыққан соң, чемпионаттағы ойындары әлсіреп кетті. Бәл­кім, осы кубокты жеңіп алуды көздесе керек. «Атырау» финалда осымен үшінші жыл қатарынан ойнады. Бірақ кубок тағы да бұ­йырмады. 

Жалпы, ойын сүреңсіз өтті. Екі команда да ойын бастала салысымен өте сақ қи­мылдап, қорғаныста жүріп алды. Өткір ша­буылдарды сирек көрдік. Әсіресе бірінші таймда. Екінші кезеңде «Атырау» сапында ойнайтын Польша легионері Петр Гжельчак есеп ашты. Матчтың 83-минутын­да «Қайсар» сапында алаңға шыққан Игорь Зенькович араға 4 минут салып таразы басын теңестіріп кетті. Ал төреші қосқан қосымша уақыттың соңғы секундында Думан Нәрзілдаев қақпа тоғыздығын дәл көздеп, командасына жеңіс сыйлады. Осы­лайша араға 20 жыл салып, «Қайсар» Қазақстан кубогына қол жеткізді.

Айта кетейік, ойынның 70 минутында Асқат Тағыберген («Қайсар), 93-минутта Жак Нгвем («Атырау») алаңнан қуылды.

 

Дайындаған Алмас МАНАП,

«Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар