Елбасы кітапханасының басшылығы мен Экскурсиялық қызмет ішкі туризммен айналысатын туристік компаниялардың экскурсия жетекшілері және гид-аудармашыларымен, сондай-ақ қала мектептері мен колледждері дирректорларының орынбасарларымен, сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырушыларымен дәстүрлі кездесу өткізді. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуді Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы қызметімен қонақтарды таныстырды.
- Елбасы кітапханасы қызметінің маңызды бағыттарының бірі экскурсиялық қызмет. Ол Кітапхана қызметкерлерінің ауқымды ғылыми-зерттеу, ізденіс, шығармашылық және ұйымдастырушылық жұмысының қорытындысын көрнекі сипаттайды. Шолу, тақырыптық және көшпелі экскурсияларды жүзеге асыруды қамтитын көпжылғы тәжірибе келушілерді тарту үшін жаңа бағдарламаларды құрудың өзектілігін көрсетті, - деп атап өтті Ә.Рахымжанов.
Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Күләйша Ақтаева кездесу қатысушыларына Елбасы кітапханасының жаңа экскурсиялық жобалары мен бағдарламалары, оның ішінде тартымды квесттер, музейлік балалар мерекелері, «Отбасымызбен бірге музейге», «Ұжымымызбен бірге музейге» жобалары және басқалары туралы айтып берді.
- Елбасы кітапханасы ағымдағы жылдың шілде айынан бастап жаңа экскурсиялық бағдарламаларды апробациялап, іске қосты. Осылардың көмегімен Тұңғыш Президенттің бұрыңғы резиденциясы мен Назарбаев орталығынан тұратын Елбасы кітапханасының ішкі мазмұнының тартымдылығын көрсеткіміз келеді. Біз жоғарыда аталған екі ғимаратты туристік бағдардың дәстүрлі сызбасы мен елорданың көрнекі жерлері картасына біріктірумен қатар қоғамның әлеуметтік мәдени институты ретінде музейлік кеңістіктің рөлін де жетілдіргіміз келеді. 40-минуттық шолу экскурсиясы не үш сағаттық ауқымды экскурсия арқылы біздің экспозициялармен толықтай танысып үлгеру мүмкін емес. Осыған байланысты, Кітапхана экспозицияларында ұсынылған материалдың сапасы мен көлемін келушілеріміз бағалай алуы үшін жаңа жағдайлар жасадық: олар - тақырыптық экскурсиялар, ұжымдар мен жанұялар үшін арнайы музейлік бағдарламалар, түрлі жастағы оқушылар үшін квесттер, - деді К.Ақтаева.
Тұсаукесер барысында ішкі және кірмелік туризмді дамыту, сондай-ақ білім беру мен тәрбиелік үдерісте музейлік технологияларды қолдану туралы пікір алмасу болды, одан әрі ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту мәселелері де талқыланды.
- Отандастарымыз бен шетелдік қонақтардың Қазақстан мен елордамызды жақынырақ білу мақсатында өткізілетін іс-шаралар біз үшін аса маңызды. Туристер көбінесе қала мен елімізді біз арқылы таниды. Әрине, Елбасы кітапханасы сынды ұжым ұсынған жаңа экскурсиялық бағдарламалар бізге аса қажет, әрі қызықты. Бұл бағдарламалар келушілердің көбеюіне, Қазақстан тарихы мен мәдениетін насихаттауға, жалпы елорда мен еліміздің имиджінің дамуына мүмкіндік береді деп ойлаймын, - деді өз ойымен бөліскен кездесуге қатысушы, қалалық экскурсия жетекшілерінің бірі Елена Кулакова.
Іс-шара барысында қонақтар тың экспозициялар және көрмелермен танысып, тақырыптық экскурсиялар мен экскурсиялық квесттерге қатысты.