• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Қазан, 2019

Алматыда жер сілкінді

337 рет
көрсетілді

Бүгін  түнгі сағат 3:49:20-да ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық станциялары 10 шақырым тереңдікте сезілген жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Алматы  қаласының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 140 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 14.0. Магнитудасы MPV 5.5. Ошағының координаты 42.97° солтүстік ендігі 78.61° шығыс бойлығы. Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Саты ауылы – 3 балл, Алматы – 2 балл.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдарға, прокуратура, «Қазселденқорғану» және басқа ұйымдарға хабар берді. ПД шұғыл басқару орталықтарының мәліметтері бойынша, патрульдік учаскелерде жарақат алғандар мен қираған ғимараттар жоқ.

Гидротехникалық нысандарда, көшкін және сел қауіпі бар учаскелерде зақымдану, жердің шөгуі және шытынау анықталған жоқ.