• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қазан, 2019

Премьер-Министр ШҚО жолдарының құрылысымен танысты

254 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Маминнің Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары жалғасуда.

Бүгін Үкімет басшысы облыс әкімі Даниал Ахметовпен бірге облыс аумағында жүргізіліп жатқан республикалық дәрежедегі Омбы – Майқапшағай және Талдықорған – Өскемен жолдарының құрылысымен танысып, мердігерлермен сөйлесті.

«Байқауымша, Талдықорғаннан Өскеменге дейінгі жолдың 880-1073 шақырымын салып жатқан «Тодини Централ Азия» компаниясының ісі көш ілгері екен. Олар екі есе көп жұмыс тындырған. Ал Қалбатау – Майқапшағай трассасының 906-1090 шақырымында жұмыс істеп жатқан «СП ҚазГерҚұрылыс» ЖШС мен осы жолдың 1090-шы және 1321-ші шақырымы аралығын алған «Сhina Xing-Xing Group Co LTD» компаниясына құрылысты ширату қажет. Жұмыстың келесі жылға жоспарланған көлемі тым көп екенін естен шығармаңыздар. Ескертіп айтарым, алдағы жылдың аяғына дейін бұл жолдармен көліктер жүруі тиіс. Өзге абаттандыру жұмыстары кейін атқарылады. Ең бастысы – көліктер қозғалысына жол ашу» деді Асқар Мамин.

 

 

Шығыс Қазақстан облысы