• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Қазан, 2019

Атырауда әскери міндеттілермен оқу-жиындар өткізілді

344 рет
көрсетілді

Әскери оқыған ресурстардың жауынгерлік және мобилизациялық даярлығын арттыру мақсатында Атырау облысының 70 запастағы офицері «Қарабатан» оқу полигонында жиыннан өтті. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасы баспасөз қызметінен капитан Рустем  Игисинов хабарлады.

Жиын қыркүйектін 11-і мен қазаннын 11-і аралығында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Қарабатан» оқу полигонында өтті. Атырау облысының барлық аймақтарынан шақырылған 70 запастағы офицерлер, өздерінің әскери-есептік мамандықтары бойынша курстан өтті.

Жиын басында олармен тактикалық, мобилизациялық, атыс және әскери-медициналық дайындық бойынша, сонымен қоса халықаралық әскери құқық, әскери педагогика мен психология бойынша дәріс сабақтары өтті. Кейін, олар өздерінің тікелей әскери бағыттары бойынша тәлім алды.

Жиынның аяқталуына орай ұйымдастырылған салтанатты митингте офицерлердің атынан лейтенант Азамат Торегелдиев сөйледі. «Барлық запастағы офицерлердің атынан, жиын басшылығына зор алғысымызды білдіреміз. Олар біз үшін нағыз әскери ортаны жасап, білім беріп, әскери бауырластыққа баулып отырды, деді офицер. Жиын барысында көзге түскен офицерлер өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы полковник Нұрлан Алдияровтың қолынан мадақтама қағаздары мен алғыс хаттармен марапатталды, ал жиынның үздік мергені атанған лейтенант Саламат Тұрланұлы кубокты иеленді.

Аталмыш жиындар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен әскери жасақтарының әскери-оқыған резервінің жауынгерлік және жұмылдыру деңгейін арттыру мақсатында жыл сайын өткізіліп отырады.

Жиын кезіндегі әскери міндеттілердің тұрмыс орыны, азық-түлік және киім-кешек жабдықталымы Қорғаныс министрлігінің тарапынан жүргізіледі.

Әскери міндеттілердің жұмыс орыны мен лауазымы оның әскери бөлімнен келгенге дейінгі уақыт аралығында сақталады. Сонымен қоса, мемлекеттік бюджеттің тарапынан орта айлық жалақы төленетін болады.

Маңғыстау облысы