• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Қазан, 2019

Елордалық ҚХА кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті

474 рет
көрсетілді

Кеше елордалық Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті. Кеңес отырысына инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту Басқармасының, Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер Палатасының, «Даму»  АҚ қоры өңірлік филиалының өкілдері, елордалық ҚХА кәсіпкерлері қатысты.

Модератор болып қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова сөз сөйледі. Л. Құсайынова кіріспе сөзінде бүгінгі отырыстың маңыздылығына тоқталды. «Қазақстан кәсіпкерлерінің Ассоцациясы» ЗТБ ҚХА аясында құрылған үкіметтік емес ұйым болып табылады. Мақсаты – бизнес саласындағы инновациялық-индустриялық жоғары технологиялық жобаларды қолдау болып табылады. Мемлекет шағын және орта бизнесті дамыту үшін қандай қаржы құралдарын ұсынып жатқандығы жөнінде толық ақпарат алу үшін, біз әр түрлі салалардан спикерлерді шақырдық», – деді хатшылық меңгерушісі.

Бұдан әрі, жиынды елордалық ҚХА Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Фарангиз Ахметова жалғастырды «Қазіргі таңда этномәдени орталықтарда кәсіпкерлік дамып жатыр.  Менің кәсіпорынымда түрлі этностардан 80 жас қызметкер жұмыс істейді. Жас мамандар кәсіпкерлер үшін өткізіліп жатқан форумдар мен жиналыстар туралы ақпараттарды білмейді. Жақында Әзірбайжан мен Кореяда «Атамекен» ҰКП ұйымдастыратын форум өтеді. Өз презентацияларын ұсына отырып, жастар аталған іс – шараларға қатыса алады», - деді Ф. Ахметова.

Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының тренер-кеңесшісі Азамат Оңайбаев кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шараларына тоқталды. Кәсіпкерлер Палатасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша төрт бағыт аясында мыналарды жүзеге асырады: шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін кәсіпкерлік қызмет негіздерінде оқыту, сервистік қолдау көрсету, «Іскерлік байланыстар» және «Аға сеньорлар» жобасы.

Отырыс барысында «Astana Invest» ЖШС қалалық инвестицияларды дамыту орталығының басқарушы директоры Асқар Сәбитұлы, Нұр-Сұлтан қаласының «Даму» АҚ қоры аймақтық филиалының клиенттермен жұмыс жөніндегі бас менеджері Жанар Ермаханбетова сөз сөйледі.

Жиын соңында пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауаптар алынды.