Жоғарғы палатаның Төрағасы Дариға Назарбаева бастаған Сенат депутаттары мен Аппарат қызметкерлері дәстүрлі жалпы қалалық сенбілікке қатысты.
Бұл жолы көгалдандыру мен абаттандыру орны Мәңгілік ел және Ұлы дала даңғылдарының қиылысы болды.
Шара барысында аймаққа жүзден астам терек, қарағай, шаған және бөртегүл көшеттері отырғызылды. Ағаштар мен көшеттер елорданың жасыл белдеуінде орналасқан орман питомнигінен жеткізілді.