• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қазан, 2019

Талдықорғанда 5 мың ағаш отырғызылды

820 рет
көрсетілді

Бүгін Талдықорғанда «Экосағат» республикалық акциясының аясында 5 мың ағаш отырғызылды. Акцияға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Амандық Баталовпен бірге ардагерлер, депутаттар, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері «Қаратал» шағын ауданында «Шахмат» шағын скверінің маңында көшеттер екті. Сондай-ақ жас көшеттер «Жастар» саябағында, тұрғын үй аулаларында, қала мектептерінде отырғызылды.  

Атап өтсек, акция қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, қоршаған ортаға қамқорлық танытуға үндейді.

Еске салсақ, бұған дейін республикалық «Экосағаттың» бірінші кезеңінде облыстағы білім мекемелерінің аулаларына 30 мыңнан астам ағаш егілген болатын.