Олимпиада чемпионы Александр Винокуров Конада (Гавайи, АҚШ) өткен Ironman бойынша әлем чемпионатында өз жас дәрежесінің жеңімпазы атанды деп хабарлайды Olympic.kz сайты.
Винокуров 45-49 жас аралығындағы дәрежеде қатысты. Бірінші кезеңде ол 3,8 км қашықтықты 1:09:06 уақытта жүзіп өтті. Веложарыста 180 қашықтықты 4:21:06 уақытта бағындырып, бірінші сатыға көтерілді. Жүгіру кезеңінде қазақстандық спортшы көшбасшылықты сақтап, мәреге бірінші болып жетті. 8:48:24 уақытта барлық кезеңді бағындырған ол өз жас дәрежесінің жеңімпазы атанды.