Нұр-Сұлтанда Қазақстан Велосипед спорты федерациясының кеңейтілген отырысы өтіп, ұйымның жаңа президенті сайланды деп хабарлайды Olympic.kz.
Осыған дейін басшылық қызметті атқарған Дархан Қалетаевтың өкілеттігі тоқтап, Нұрлан Смағұлов федерация тізгінін қолға алды. Кеңейтілген жиында федерация мүшелері бірауыздан Смағұловтың кандидатурасын қолдадын. Федерация басшысы қызметін Нұрлан Смағұлов төрт жылға дейін атқарады.
Айта кетелік, жиынға Ұлттық Олимпиадалық комитеттің бас хатшысы Сәкен Мұсайбеков, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты.