• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
20 Наурыз, 2010

АЛҚАЛАР ЛЕГІ – АЛМАТЫДА

709 рет
көрсетілді

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2010 жылғы 17 ақпандағы №926  Жарлығына сәйкес кеше Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов  жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналарға “Алтын алқа”, ал алты  бала туып, өсіргендерге “Күміс алқа” белгілерін салтанатты түрде  табыс етті. Бұл күні аналардың алғашқы легі марапатталды, яғни 27 ана  “Алтын алқаға”, 56 ана “Күміс алқаға” ие болды. Жалпы, оңтүстік астана бойынша осы қос алқамен биыл 1200 ана марапатталмақ.  Наурыз мерекесі қарсаңындағы бұл қуанышты оқиға Алматыдағы көктем күндерін көріктендіре түскендей Қорғанбек АМАНЖОЛ.