Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесте елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты бірқатар тапсырма жүктелді.
Соның ішінде Президент әлемдегі әртүрлі жағдайларды ескере отырып, нақты есептелген, елдің макроэкономикалық, қаржылық және әлеуметтік тұрақтылығын сақтау жөнінде кешенді шаралар әзірлеуді тапсырған болатын. Бұл ретте «Қазақстан-2050» Страте- гиясының қазіргі кезеңге тиесілі міндеттемелерін орындау өте маңызды. Сондай-ақ мемлекеттік шешімдер қабылдау барысында сараптамалық жұмыстарды түбегейлі күшейту қажеттігі сөз болды. Президент пайымы мен пәрмені отандық экономиканы әртараптандыру арқылы нәтижелі дамуды көздейді.
Осы ретте FinReview және Ranking.kz агенттіктерінің Қазақстанның болашағына арналған сараптамасына сүйенсек, еліміз адам капиталын қаржыландыруды арттыру арқылы ұлттық экономикалық өсімді 1,5 пайызға ұлғайта алады. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екі жыл бұрынғы халыққа Жолдауында да адам капиталын нығайту арқылы әлемдік бәсекеге түсе алатын зияткер ұлт қалыптастырудың өзектілігін айтқан болатын. Қазір елімізде жасанды интеллект, роботтандыру және ақпараттық бағдарламалармен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінде білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмекке бөлінетін қаржы ІЖӨ-нің 9,5%-ын құрайды. Дегенмен салыстыра қарар болсақ, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 3-4 есеге жоғары. Бір жағынан, бұл жайт инвестициялық ағындардың жеткіліксіздігін көрсетсе, екіншіден, қаржыландыру көлемі ұлғайған жағдайда экономиканың өсу қарқынының мүмкіндігі де ашылатынын байқатады.
Осы ретте FinReview және Ranking.kz агенттіктерінің Қазақстанның болашағына арналған сараптамасына сүйенсек, еліміз адами капиталды қаржыландыруды арттыру арқылы ұлттық экономикалық өсімді 1,5 пайызға ұлғайта алады. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екі жыл бұрынғы халыққа Жолдауында да адами капиталын нығайту арқылы әлемдік бәсекеге түсе алатын зияткер ұлт қалыптастырудың өзектілігін айтқан болатын. Қазір елімізде жасанды интеллект, роботтандыру және ақпараттық бағдарламалармен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінде білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмекке бөлінетін қаржы ІЖӨ-нің 9,5%-ын құрайды. Дегенмен салыстыра қарар болсақ, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 3-4 есеге жоғары. Бір жағынан, бұл жайт инвестициялық ағындардың жеткіліксіздігін көрсетсе, екіншіден, қаржыландыру көлемі ұлғайған жағдайда экономиканың өсу қарқынының мүмкіндігі де ашылатынын байқатады.
Рас, Президент Қ.Тоқаев айтқандай, әлемдік экономиканың өсуіне қатысты болжамдар тұрақсыз. 2020 жылы нарығы қалыптасып келе жатқан елдер мен дамушы елдердің экономикалық өсімі 2019 жылғы 4%-дық көрсеткішпен салыстырғанда 4,6%-ға дейін артады деп күтілуде, алайда оның болашағына сауда мен қаржылық дағдарыс қаупі төніп тұр. Осыған орай, көптеген елдің алдында экономикалық өсуге қол жеткізуде шешуші рөлге ие адами капиталды дамыту секілді өзекті міндет туындайды. Әлеуметтік-экономикалық және қаржылық ресурстары дамыған елдерге мүмкіндіктерді тиімді басқара алатын білімді, дені сау ұлт қажет екені анық.
Соңғы жылдары Қазақстанда адами капиталды дамытуға ерекше көңіл бөліне бастады. Мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепке сәйкес, 2018 жылы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік көмек пен қамтамасыз етуді қаржыландыру жалпы шығын көлемінің 55,7%-ын құрады. ІЖӨ-ге шаққанда оның жиынтық үлесі 9,5%-ды құрады. Интеллектуалдық серпіліске жету үшін адами капиталдың әлеуетін пайдалану денсаулық сақтау мен мәдениеттің дамуынсыз мүмкін емес. Соңғы 10 жыл ішінде денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерге инвестициялардың жыл сайын орта есеппен 12%-ға артуы байқалады. 2018 жылы инвестиция көлемі 113,2 млрд теңгені құрады, ал 2019 жылдың соңғы 7 айында 57 млрд теңгеге жетті. Инвестициялардың негізгі көлемі республикалық бюджет пен кәсіпорындардың меншікті активтері есебінен құрылды, олардың үлесі сәйкесінше 38,3% және 36,6%-ды құрады. Жергілікті бюджеттің қаражаты оның тек бестен бір бөлігіне ғана тиесілі. Былтыр денсаулық сақтау саласына мемлекеттік бюджеттің шығыстары 1,17 трлн теңгені, ал әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуге 2,75 трлн теңгені құрады. Бұл ІЖӨ-ге шаққанда сәйкесінше тек 1,9% және 4,5%-ға тең. Салыстырар болсақ, ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 3-4 есеге жоғары екен.
Денсаулық сақтау саласының адами ресурстарды дамытудан бастап, жаңа технологияларды енгізуге және жоғары технологиялық медициналық көмекті жетілдіруге дейін жалғасып жатқан өзгерістері сала алдына тиімді және қолжетімді денсаулық сақтау жүйесін құруға бағытталған түбегейлі жаңа міндеттер қоюға мүмкіндік берді. Бұл жаңғыртудың нәтижесінде денсаулық сақтау сапасы бойынша Bloomberg агенттігінің әлемдік экономика рейтингінде Қазақстан 44-ші орынға (әлемнің 56 елінен) қол жеткізді. Зерттеуге сәйкес, Қазақстан Германия, АҚШ, Ресей, Беларусь, Болгария елдерінен алға озған. Қазақстандық медицинаның Еуропа және Батыс елдерінен басты артықшылығы – қолжетімділігінде.
Жалпы, дәстүрлі, адами капиталды қалыптастыру бірқатар елдерде тек білім беру мен денсаулық сақтау салалаларын дамытумен ғана шектеледі. Мәдениет саласын дамытуға жұмсалатын шығын, шын мәнінде аз. Алайда мәдениет саласына құйылатын қаржы қоғамдағы қылмыс деңгейінің азаюына, адами тұлғаның шығармашылық әлеуетінің артуына септеседі, адами құндылықтарды қалыптастырады. Мұның барлығы экономиканың өсуіне бастайтын активтер. Қазақстанда өнер, ойын-сауық және демалыс саласы бойынша негізгі капиталға бөлінген инвестиция көлемі былтыр 104,2 млрд теңгені, ал биыл 7 айда 72,1 млрд теңгені құрады. Мәдениет, спорт, туризм мен ақпараттық кеңістікке мемлекеттік бюджеттен жұмсалған шығын көлемі 449,3 млрд теңгені құрады. Бұл ІЖӨ-ге шаққанда оның тек 0,7%-ын құрайды.
Елімізде 2019 жылдың бірінші тоқсанының нәтижесі бойынша еңбекке қабілетті тұрғындардың саны 9,2 млн адамды құраса, олардың ішінде 8,8 млн-ы жұмыспен қамтылған. Жұмыспен қамтылғандар саны барынша көп өңірлердің қатарында Алматы облысы (995,2 мың адам), Алматы қаласы (935,2 мың), Түркістан облысы (776,7 мың) тұр. Жалпы, барлық өңір бойынша жұмыспен қамтылғандардың үлесі 95%-ды, ал республикада жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрайды.
Яғни Мемлекет басшысы экономикалық кеңесте айтқандай, еңбек өнімділігін кемінде 1,7 есеге арттыруға және өңделген қазақстандық өнімнің экспортын өсіруге басымдық беру үшін әуелі адам капиталын дамытуға жан-жақты қолдау көрсетілуі қажет.