• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Қазан, 2019

Елімізде «ЭКО түтікше арқылы» туған тұңғыш қыз ана атанды

608 рет
көрсетілді

Бұл фактор ЭКҰ жайлы алып-қашты әңгімелер мен аңыздарға  нүкте қойды.

Себебі осыдан екі күн бұрын 24 жыл бұрын елімізде тұңғыш рет экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) арқылы дүниеге келген қыз ата атанды.

Жүктілік және босану табиғи жолмен болды, бала өз уақытында, дені сау, 3, 200 келі боп туды.

Бүгінде әлем бойынша ЭКҰ-ның көмегімен 6,5 миллиондай бала дүниеге келген. 42 жыл ішінде экстракорпоралды ұрықтандыру  технологиясы көпшілік тарапынан қолдауға ие болып, тіпті медициналық сақтандыру бағдарламасына енді.

Дегенмен, ЭКҰ жайлы алып-қашты әңгімелер мен аңыздар да көп. Көпшілікті «эко арқылы дүниеге келген балалардың дені сау бола ма, олар табиғи жолмен перзент сүйе ала ма?» деген сұрақ алаңдатқаны өтірік емес.

Соңғы 5 жылда «ЭКО қатерлі», – дейтін ғалымдардың саны өсіп келеді. Мәселен Ресей Медициналық Ғылымдар Академиясының вице-президенті Александр Баранов  «Біз ЭКО-ға ақша құйып, үлкен қателік жасап отырмыз. Бұл балалардың көбі ертең ұрпақ сүйе алмайды», деп адам шошытарлық зерттеудің шетін шығарған болатын.

Баранов Ресейдегі әр жетінші отбасы перзент сүйе алмай отырғанын, бұл проблеманы шешудің ғылыми-әлеуметтік жолын табу керектігін айтты.

«ЭКО-ның халықты құтқармасының тағы бір дәлелі – Жапония. Бұл мемлекетте бес жүзден аса медициналық мекеме жасанды ұрықтандырумен айналысады. Мемлекет миллиардтап ақша салып жатыр. Былтыр жарты миллион адамға көмек көрсетіліпті. Соның 10 пайыздайы ғана ұрпақ сүйген. Жапония – халқы кемуші елдер санатында», дейді А. Баранов.

Қазір бала сүйе алмай жүрген отбасылардың жалғыз жұбанышы – ЭКО. Жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы 27 жылда  жылда 30 мыңдай  бала дүниеге келіпті, оның 1532-і мемлекеттің қолдауымен туған. Сол балалар өмірге келуі үшін мемлекет соңғы 7 жылда 4 миллиард теңге жұмсаған!

Ең қорқыныштысы белсіз еркек пен бедеу әйелдің саны жыл санап өсіп барады. 2010 жылы мемлекеттен 100 квота бөлінсе, 2018 жылы 900 беріліпті. 9 есеге өсірген!  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Бедеулік – Қазақстанның мемлекеттік проблемасы», – деген тұжрым жасаған. Жыл сайын жас отбасылардың 15 пайызы осы проблемаға ұрынатын мемлекеттердің демографиялық өсімі тоқтайды екен. Бедеулік маңызды медициналық-әлеуметтік мәселелердің бірі,  оны еңсеру – елдің демографиялық саясатының орындалуына зор үлес қосу. Қазіргі уақытта әртүрлі деректер бойынша Қазақстандағы бедеу некенің жиілігі жалпы ерлі-зайыпты жұптардың ішінде 15-17% болып отыр. Тек Алматы қаласында 1000-ға жуық жұбайлар жұбы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында ЭКҰ кезегін күтуде. Бұл соңғы үміт. Одан кейінгі тағдырды Алланың еншісіне тапсырып қояды. 

ЭКҰ жайлы алып-қашты әңгімелер мен аңыздарға нүкте қойылды. ЭКО-мен дүниеге келген қыз бала табиғи жолмен ана атанды. Жоғары  дәрежелі дәрігер-репродуктолог, репродуктивті медицина орталығы басшысының орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі Людмила Бадельбаева журналистермен кездескен кезде 1996 жылы перзент сүйе алмай емделіп жүрген келіншекке ЭКҰ бағдарламасын жүргізгенін еске түсірді. «Қаншама жыл емделсе де, бір перзент сүйе алмай жүрген жандарға бұл сөзбен айтып жеткізе алмас қуаныш сыйлады. Алайда ә дегеннен-ақ жолы бола кетті деу өтірік, бірінші рет ұрық жетілмей қалды, тек екінші рет жасаған кезде жүктілікке қол жеткіздік»,  дейді жоғарғы дәрежелі дәрігер-репродуктолог, репродуктивті медицина орталығы басшысының орынбасары, Денсаулық сақтау ісінің үздігі Людмила Бадельбаева.

 

 

АЛМАТЫ