• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Қазан, 2019

Кітап оқып, рухани бай бол

1761 рет
көрсетілді

Шымкенттегі «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі және «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап оқып, рухани бай бол!» байқауы жарияланды. Кітап оқушылар сайысы 15 қазаннан басталып, екі кезең бойынша өткізілмек.

Әуелі, І кезеңде қатысу­шылар әдеби шығармадан үзіндіні мәнерлеп оқуы қажет. Оны Facebook жә­не Instagram әлеуметтік желі­лерінде эстафета форматында жолдайды. Сондай-ақ эстафетаны Шымкент қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің аккаунттары мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ресми ак­каунтын белгілеп, #shymkent #RuhaniJangyry #KitapOqypRuhaniBaiBol хеш­­тэгтері арқылы жариялауы тиіс.

Ал ІІ кезеңде әлеуметтік желілерде көп лайк жинап, репостарға ие болған үздік 10 қатысушы келесі кезеңге жол­дама алады. Бұл кезеңде қа­тысушылар арасында әдеби шығарма желісінде де­бат өтеді. Арнайы та­ғайын­далған қазылар ал­қасы үздік шыққан жеңім­паздарды анықтайды. Бай­қауға қатысушыларға арнайы сыйлықтар беріледі.

Жоба авторларының ай­туынша, байқау өскелең ұрпақтың танымын кеңей­тіп, өресін биіктету мақса­тында өткізіліп отыр.