• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Экономика 18 Қазан, 2019

«Қазақмыс» жоспарды асыра орындамақ

263 рет
көрсетілді

Жыл басынан бергі 9 айда «Қазақмыс холдинг» АҚ 184,029 мың тонна мыс өндірді. Бұл көрсеткіш был­тыр­­ғымен салыстырғанда 5,3 пайыз, яғни 9,3 мың тоннаға жоғары.

Холдингтің баспасөз қыз­меті­нің хабарлауынша, кен құрамындағы мыстың орташа мөлшері 0,91 пайызды құрай­ды, бұл да жоспарланған межеден 1,8 пайыз жоғары.

– 2019 жылдың 9 айында «Қазақмыстың» байыту фаб­рикалары 22,8 миллион тонна кенді өңдеді. Былтыр осы кезеңде 22,5 миллион тонна кен өңделген болатын. Яғни, биылғы жұмыс көлемі 368 мың тоннаға артық, – дейді ком­панияның баспасөз қызметі.

Холдингтің директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огайдың айтуынша, жыл соңы­на дейін биылғы жоспарды асыра орындау жоспарланып отыр.

– Былтырғы көрсеткішті де, биылғы жоспарды да басып озамыз. Себебі былтыр екін­ші рудотермиялық пеш іске қо­сылды. Геологиялық бар­­лау жұмыстарын да жал­ғас­­ты­ра­мыз. Мыс пен түсті металл кеніш­тері ашылатын 5 бо­ла­­шағы зор учаскеде жұ­мыс істеп жатырмыз, – дейді ол.

Алдағы уақытта компания кен байытудың бүгінгі техникалық талаптарға сай жаңа деңгейіне көшпек.

«Қазақмыс» еліміздегі табиғи ресурс өндіру және қай­­­та өңдеумен айналысатын ең ірі компаниялардың бірі екенін айта кетейік. 13 кеніш­тен кен өндіретін холдинг құра­мында 4 кен байыту фабрикасы, 2 мыс балқыту зауыты мен 2 көмір разрезі бар. Бүгінде «Қазақмыста» 38 мыңға тарта адам жұмыс істейді.