• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Қазан, 2019

20миллиард теңге жеңілдетілген автокөлік несиелеріне бағытталды

420 рет
көрсетілді

«Колеса» порталы  жеңілдетілген автонесиенің арқасында отандық автокөлік саудасы 123 пайызға артқанын хабарлады.

Порталдың мәліметінше, несиелеу басталған бір айдың ішінде мыңдаған қазақстандық көлік сатып алды. Ал несиелеу бойынша көлікке ие болғандардың саны бір айдың ішінде 1 020-ға жетті. «Қыркүйек айында тамыз  айымен салыстырғанда сатылым көлемі 123пайызға артты Қыркүйек айында Made in Kazakhstan тақтайшалары қойылған автокөліктердің  2 611 бірлігі сатылды.

Ал тамыз   айындағы көрсеткіш 1 168 болған еді", - делінген порталдың жарияланымында.

Айта кетейік, халық арасында ең көп сұранысқа ие болған модельдердің арасында седан Hyundai Elantra көшбастап тұр.Одан кейінгі орынға классикалық "Нива", Skoda Rapid пен Kia және өзге де модельдердің кроссоверлері жайғасты.

Еске сала кетейік,  жеңілдетілген  2015 жылдың 20 сәуірінен бастап беріле бастады. Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бағасы 5,6 миллион теңгеге дейінгі қазақстандық автомобильдерге арналған. Жеңілдетілген автонесие бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 4 пайызға тең, тиімді жылдық мөлшерлеме - 7,5 пайыз. Алдын ала төлем сомасы - 20 пайызға дейін. Несие мерзімі - 5 жылға дейін. Қолдағы бар мәлімет тағы жаңарды:Қазақстанның Даму Банкі Ұлттық банктің бағдарламасы бойынша жеңілдетілген автокөлік несиесіне  20 млрд. теңге бөлді. 

«ҚДБ облигациялар шығару үшін  Қазақстанның тұрақтылық қорынан (Ұлттық банктің еншілес ұйымы) қарыз алды. Сатып алушыларға несие беру Ұлттық банктің Басқармасының 2019 жылғы 31 мамырдағы қаулысымен бекітілген отандық өндірістегі жеңіл автомобильдерді сатып алушыларға несие беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады », - делінген компанияның хабарламасында.

14,5 миллиард теңгенің алғашқы траншы Халық банкіне (4 миллиард теңге), Сбербанкке (7,5 миллиард теңге), ВТБ Банкіне (3 миллиард теңге) жіберілді. 5,5 млрд.

Теңгенің қалған бөлігі екінші деңгейлі банктерге жіберіліп, осы жылдың соңына дейін игерілетін болады.

«Барлық транштар мен өзгермелі төлемдерді ескере отырып, 2015 жылдан бастап 5,9 мыңға жуық қазақстандыққа 71,7 млрд. теңгенің жеңілдетілген автомобиль несиелері берілді.

Жаңа бағдарлама одан да көп қазақстандықтарға отандық жинақтың жаңа автокөліктерін жеңілдікті шарттармен сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл тұтынушылар үшін де, автомобиль өндірушілер үшін де тиімді », - деді « Қазақстанның Даму Банкі» АҚ басқарушы директоры Дастан Ахметов,

ҚДБ оператор ретінде осы банктердің қаражатты игерілуіне тұрақты мониторинг жүргізеді.

Жаңа бағдарлама бойынша несие беру шарттары жеңілдетілген автокредиттердің қолданыстағы бағдарламасының өлшемдеріне ұқсас:

Номиналды сыйақы мөлшерлемесі - жылына 4 пайыздан аспайды, несие мерзімі - 7 жылдан аспайды, несие валютасы - теңге, бір автомобильдің құны - 15 миллион теңгеден аспайды.

Бұл жолы  6 автомобиль моделі ұсынылған: Kia, Chevrolet, Skoda, Hyundai, LADA, UAZ, JAC, Peugeot, Ravon.

Бұл сомаға 2800 автокөлікке несие алуға болатындығы айтылады. Автонесие Қазақстан тұрғындарына қол жетімді.

Мамыр айында банктерге автокредит алуға жіберілген 8 миллиард теңге туралы  қосымша хабарланды.

Автонесиені қазақстандықтар екінші деңгейлі банктерден алады. Қаражат оған Қазақстанның даму банкінен түседі.

Ал  Қазақстан даму банкі қаржыны Қазақстандық тұрақтылық қорынан қарызға алады. Бұл ұйым  Ұлттық банктің еншілес ұйымы.

Даму банкі ақшаны тұрақтылық қорынан 2019-2023 жылдарда жыл сайын 20 млрд теңгеге дейін облигациялар шығару есебінен алып отырады. Бұл қаржы  қарыз теңге түрінде жылдық 0,15% мөлшерлемемен тартылады.

Ақшаны алғаннан кейін Даму банкі отандық автоөндірушілер тізімі мен оларға белгіленген шекті соманы анықтайды. Автонесиелеудің үкіметтік бағдарламасы бойынша өндірушілер екеу: "СарыарқаАвтоПром"және "Азия Авто".

2019 жылғы транш бойынша шекті баға 8 млрд теңге, олар оны өзара бірдей бөліп алды.

Сонымен бірге Даму банкі жаңа бағдарламаға қатыса алатын коммерциялық банктердің тізімін анықтайды. Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша соңғы транш аясында ақшаны келесі 5 банк бөліп алды: Қазақстандық Сбербанк, ЦентрКредит банкі, Еуразиялық банкі, сондай-ақ Халық банкі мен Қазақстан ВТБ Банкі.

Таңдалған банктер бағдарлама бойынша операцияларға Ұлттық банктен арнайы шот ашып,  Даму банкімен жылдық 1%-дан көп емес мөлшерлеме бойынша 20 жыл мерзімге дейін банктік қарыз келісім-шартын жасасады. Банктер Даму банкінің алдында қарызды пайдалану туралы есеп беріп отырады..