Тұрғызылып жатқан тұрғын үйлердің өзіндік құнын тек мемлекеттің қолдауымен арзандатуға болады. Құрылысшылар одағынының өкілдері осылай деп отыр. Айтуларынша, Үкімет комуникациялар тартуға қаржы бөлсе, түйткіл шешімін табады екен. Тұрғын үй нарығындағы соңғы жаңалықтар туралы бүгін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазір Алматы мен Астанада жаңа пәтерлердің бағасы қымбат. Сарапшы Ерлан Қарысбаев олардың құнын салушылар тағайындайтынын айтады. оған делдалардың бағасын қосады. Салдарынан қайталама тұрғын үйлердегі пәтерлердің құны да жасанды түрде қымбаттайды.
«Крыша сайтын алайық. Салушылардың жарнамасын қарайды. Жоғары бағасын көріп, дәл сондай баға қояды. Үйдің ескі екеніне қарамайды. Мысалы, салушыда 12 миллион теңге деп тұр. Өзінің 8 миллиондық пәтерін 12 миллион қылып қояды», – дейді тәуелсіз сарапшы Ерлан Қарсыбаев
Жақында экономикалық мәселелер бойынша өткен отырыста Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй құрылысының өзіндік құнын біртіндеп арзандатуды жүктеді.Алайда, бұл тұрғызылып жатқан тұрғын үйлердің сапасына айтарлықтай әсер етеді дейді мамандар. Тәуелсіз риэлтор Галина Воробьеваның пайымынша, салушылар баспаналарды арзанқол материалдармен көтере бастайды.
«Тұрғын үйдің бағасы материалдар арзан болған жағдайда қолжетімді бола түспек. Үйлер неліктен қымбаттап кетті? Себебі материалдардың құны тым жоғары. Құрылысшылардың жалақысы да аз. Еңбекақылары жақсы болса, материалдарды ұрлап-жырламаушы еді», – деді жылжымайтын мүлік агенттігінің маманы Галина Воровьева
Қазақстан құрылысшылар одағының» төрағасы Талғат Ерғалиев Қазақстанда тұрғын үй құрылысындағы шығынды азайтуға болады деген пікір айтады. Бірақ бұл тек мемлекет инженерлік жүйелер мен коммуникациялар тарту шығындарын өзіне алған жағдайда мүмкін болмақ.
Жылжымайтын мүлік жөніндегі әйгілі сайтардың бірінің жүргізген талдауына сәйкес Алматы қаласында эконом-класстағы бір бөлмелі пәтер 11 миллион теңге тұрады. Еліміздің батысында 9 миллионнан басталса, солтүстікте 9 жарым миллион теңге. Ең арзан баға Шығыс Қазақстан облысында тіркеліп отыр. 7,5 миллион теңге.
Ең қымбат пәтерлер Нұр-Сұлтан қаласында. Мұндағы бағалар 13 миллион теңгеден басталады.