• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қазан, 2019

«Адамның күні – адаммен»

946 рет
көрсетілді

Ақтау қаласында «Біз адамдар – біз біргеміз» қоғамдық қо­рының бастамасымен жүргізілген қайырымдылық шарасы жалғасуда.

Жақсылық жасауды мақсат еткен шараны бай-бақуатты адамдар мен жүрегі жұмсақ жандар қолдап әкетті. Тұрақты мекенжайы жоқ адамдарға қолдау көрсету мақ­са­тындағы іс-шара талай жан­ның жү­регін шаттыққа, жүзін қуанышқа бөледі.

Маңғыстау облыстық мәсли­хатының депутаты Аббат Өрісбаев, «CRUZ Logistics» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Батыс Қазақ­стан өңірі бойынша директоры Хитеш Чандра, жас кәсіпкерлер Әйгерім Айтбатырова және Шол­панай Смағұлова жалғызбасты зейнеткерлер мен тұрақты мекенжайы жоқ адамдарға көмек қолын созды.

Ерікті топ алдымен екінші топтағы мүгедек Ольга Головкованың үйіне барып, қажетті заттар табыстады. Бүгінде сексеннің сеңгіріне шық­қан Ольга Алексеевнаның қуан­ғаны соншалық, көз жасына ерік берді. Оған гүл шоқтары, азық-түлік, «Зере» тігін шеберханасында тігілген төсек-орын жабдығының жиынтығы табысталды.

Содан соң көше кезіп, үйсіз жүрген жандарға ыстық тамақ үлес­тірілді. Олардың басым бөлігінің қай аумақтарда жүретіндері белгі­сіз, бірақ көшеде кездескендердің ешқай­сысы назардан тыс қалмады. Бүгінгі шараны ұйымдастырушылар, аш жүрген жандарға қайырымдылық көрсеткен сауапты іс деп білетіндерін айтады және саналы адамдар бос уақыттарын пайдалы іске жаратқаны маңызды деп санайды. «Кез келген сауапты іс әрбір азаматты, әсіресе жастарды мейірімділікке және әр нәрсеге жанашырлық танытуға тәрбиелейді» дейді А.Өрісбаев.

«Адамның күні – адаммен» деген осы...

 

Маңғыстау облысы