Сусындар, неткен қусыңдар
(Шөлдеген шалдың монологы)
Әй, сусындар, сусындар,
Сендер неткен қусыңдар!
Жұтып алсам улайсың,
Уланған соң тулайсың!
Тулағанмен не пайда
Тұла бойың дерттеніп,
Іші-баурың «өрт» болып,
«Екі көзің...» төрт болып,
Өзің... «үшінші сорт» болып,
Адам емес айналаң
Жын пері мен «чорт» болып,
Серең етіп құлайсың,
Көзіңнің жасын бұлайсың!
Бұлағаннан не пайда:
Дәрігер жоқ, дәрі жоқ
Болса дағы «самопал:
Кімді қайтып қарғайсың,
Жағың сембей сарнайсың!
Қарғысыңды, қайғыңды
Алыпсатарға арнайсың!
Айтып айтпай не керек,
Біздің өмір керемет!
Әй, сусындар! Сусындар!
Неткен пәле, қусыңдар!
К. БЕЙСЕБАЙ.