• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Қазан, 2019

Нұр-Сұлтанда «KazAgro 2019» халықаралық көрмелері өтуде

178 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында «KazAgro 2019» ауыл шаруашылығы және «KazFarm 2019» мал шаруашылығы және ет-сүт өнімдері халықаралық көрмелері өтуде. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласында «KazAgro 2019»  ауыл шаруашылығы және «KazFarm 2019»  мал шаруашылығы және ет-сүт өнімдері халықаралық көрмелері өтуде."Көрме"орталығында өткізіліп жатқан шараға әлемнің әр түпкірінен 300-ге жуық ауыл шаруашылығы компаниялары қатысып, өз өнімдерін көрсетуде. Көрмеге келушілер мен қатысушылардың назарына ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, қондырғылардың жаңа түрлері, өсімдік, мал, құс шаруашылықтарына арналған техникалар қойылған.Жаңа үлгідегі тыңайту технологиялары, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау заттары, ветеринария, жемшөптің түрлері, ауыл шаруашылығы саласына қажетті т.б. қызметтер ұсынылған.