• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қазан, 2019

Маңғыстауда «Мамандығым – құтқарушы» байқауы өткізілді

225 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде «Құтқарушы күніне» орай салтанатты жиналыс өткізілді. Бұл туралы аталмыш департаменттің баспасөз қызметінен хабарлады.

Салтанатты жиналыс шеңберінде ТЖД-нің, бағынышты мекемелердің қызметкерлері марапатталды. Сонымен қатар «Құтқарушы күні» шеңберінде Департаменттің және құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің 5-8, 9-12 жастағы балалары арасында өткізілген «Мамандығым –құтқарушы» сурет байқауы қорытындыланып жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Төтенше жағдайлар күнделікті болып жатады, оларды алдын ала білу қиын. Бірақ, құтқарушылар барлық уақытта көмекке келуге дайын адамдар. Мерекені енгізудің өзі осы мамандықтың қажеттілігінің маңыздылығын көрсетеді. «Құтқарушы күні» – бұл басқа адамдардың өмірін құтқаруда өз өмірлерін қатерге тігетін ержүрек, күшті және қайсарлы адамдардың күні. Олар қираған құрылыстарда, түтінде, суда, су басқан жерлерде жұмыс жасайды.

Өз өмірлерін қауіпке тігіп, құтқарушылар басқа адамдардың тірі қалуына көмектеседі, барлық жағдайларға жедел әрекет етеді.

-Мереке қарсаңында барлық ТЖ қызметкерлеріне, олардың туысқандарына және жақындарына зор денсаулық, жанұялық амандық және төтенше жағдайлар туралы дабылдың аз болуын, біздің Отанымыздың қауіпсіздігі және жетістіктері сәтті болуын тілеймін, деді ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қуанар Базарбаев.