Олар осыған дейін психологиялық тест тапсырып, медициналық тексеруден және денсаулықтарының жарамдылығы туралы сыннан өткен.
«Осы жылы күзде Алматыдан қарулы күштер қатарына және басқа да әскери бөлімдерге 1500-ден астам адам жіберіледі.
Бұрынғы жылдармен салыстырғанда қазір жастардың белсенділігі жоғары.Кейбіреулері шақырту алмай-ақ өздері келіп жатыр. Академиялық демалыс алып кетіп жатқандары да бар. Бұл қуантарлық жағдай», – деді Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Амантай Үсербаев.
Оларды шығарып салуға олардың туыстары мен достары келді.