• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қазан, 2019

Алматыда салынып жатқан нысандардан олқылықтар анықталды

141 рет
көрсетілді

«Nur Otan партиясының кезекті отырысында құрылысты уақытынан кешіктіріп, жұмысты соңына дейін бітірмей кеткен мердігер мекемелердің аты аталды», деп хабарлады  Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз бөлімі.

Жұмыстарына жүрдім-бардым қарайтын компаниялар тізіміне енгендермен енді мүлде келісім-шарт жасалмайтын болады. Сонымен қатар қала әкімі Бақытжан Сағынтаев партия белсенділеріне қаладағы барлық мердігерлердің жұмысын күнделікті бақылауға алуды тапсырды. Одан бөлек шаһар басшысы NUR OTAN партиясында кезекті қабылдау өткізді. Уәжбен келген әр тұрғынға  қала әкімі жеке көңіл бөліп, нақты жауап берді.

«Айына бір рет келіп, келіскеніміз бойынша қабылдап жатырмыз. Көтеріліп отырған мәселелер әр түрлі саланы қамтиды. Ішінде біздің тарапымыздан да біраз олқылықтар бары екендігі көрініп тұр. Өйткені айтылған халықтың шағымдарына бюрократиялық көзқараспен қараймыз. Мұның артында мәселенің шешімі емес, қағаз жүзінде жауап бере салып, «келесісі» деп қарап отыратын жағдай бар», – деді Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиал төрағасы, Алматы қаласының әкімі  Бақытжан Сағынтаев.