• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Қазан, 2019

Асқар Жұмағалиев Nur Otan алаңында азаматтарды қабылдады

174 рет
көрсетілді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесу барысында қазақстандықтар елімізді одан әрі цифрландыру, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету және шалғай ауыл тұрғындарын жоғары жылдамдықты Интернетпен қамтамасыз етуге қатысты түрлі мәселелерді көтерді.

Министр қабылдау кезінде қойылған сұрақтардың басым бөлігіне жауап берді. Ал қалған бөлігін қарастыру үшін Геодезия және картография комитеті мен «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ басшылығына тиісті материалдарды әзірлеуді тапсырды.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласы тұрғындарының бейне-конференц байланысы арқылы жолдаған мәселелері бойынша Асқар Жұмағалиев алдағы уақытта Ақтөбе облысына жұмыс сапары кезінде өзімен жеке кездесіп, егжей-тегжейлі қарастыруды ұсынды.

«Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтармен кездесу өте қажет. Халық алдында есеп беру, жұмысымызды ашық әрі айқын көрсету – Nur Otan партиясының төрағасы, Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың біздің алдымызға қойған міндеттерінің бірі. Сондықтан бұл - халықпен арадағы өзара байланыстың тиімді жолдарының бірі. Бүгінгі кездесуде көтерілген барлық мәселелер міндетті түрде мұқият қаралып, оларға толық жауап береміз», деді қоғамдық қабылдау барысында Асқар Жұмағалиев.