• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қазан, 2019

Қостанайда Алаштың Мырзағазысына арналған халықаралық конференция өтіп жатыр

229 рет
көрсетілді

Конференция «Алаштың Мырзағазысы: қайраткерлік ғұмырнамасы және шығармашылық мұрасы» деген тақырыпта өтті. Оның модераторы филология ғылымдарының докторы Алмасбек Әбсадық бұл Алаш көшбасшыларының бірі Мырзағазы Есболовқа арналған бірінші шара екенін айтты.

Конференцияға алаштанушы ғалымдар Тұрсын Жұртбай, Сұлтанхан Аққұлы келді. Сонымен қатар Мырзағазы Есболовтың Қазақстанда, Ресейде тұратын ұрпақтары қатысты. Басты баяндаманы Тұрсын Жұртбай жасады. Ол Мырзағазыны ақтаудағы, жалпы Алаш тарихына байланысты түйткілдер жөнінде әңгімеледі.

«Ғасыр басында Петербургте өткен құрылтайда қазақ жеріне Ресейден қоныс аударушыларды қоныстандыру жөнінде мәселе қаралады. Сонда мәселені шіркеу көтереді. Өйткені қазақтарды жаппай шоқындыруға дайындық жүріп жатқан. Шіркеу өкілі қазақ жеріндегі үш адамның екеуі орыс болатындай етіп көшіру керектігін айтады. Сонда Мырзағазы сөйлеп, бұған қарсы шығады, дәлелді пікірлерімен бетін қайтарады», деді Тұрсын Жұртбай.

Конференцияда  академик Жұматай Әлиев, Сұлтанхан Аққұлы баяндама жасады, Мырзағазының ұрпақтары сөйлеп, Алаш ардақтысының оралуына қуанышын білдірді, деректер айтты. Конференция қарарында Мырзағазының есімін есте қалдыру, оның Тәуелсіздік жолындағы күрескерлігін жас ұрпаққа насихаттау үшін оның атын мектепке, көшеге беру жөнінде ұсыныстар енгізілді. Түстен кейін конференция секцияларда жалғасатын болады.

Қостанай