• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қазан, 2019

Батыс Қазақстанда жоғалған екінші сәбидің де денесі судан табылды

470 рет
көрсетілді

Бүгін сағат 15.50-де Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округіне қарасты Жанама ауылының жанындағы Қарасу түбінен 2017 жылы туған Нұрислам Орынбасардың денесін сүңгуірлер алып шықты.

Батыс Қазақстан облысында кеше, 24 қазан күні бірі – 5, бірі – 2 жасар қос сәбидің жоғалып кеткені туралы бұдан бұрын хабарлаған едік. Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті мен Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері жедел іздестіру шараларына кіріскен. Өкінішке қарай, балалар тірі табылмады. Ағайындылардың үлкені 5 жасар Бексұлтанның денесі де бүгін сағат 11.00-де Қарасудан табылған болатын.

 

Батыс Қазақстан