• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Қазан, 2019

Қостанайда жас шешендер байқауы өтті

328 рет
көрсетілді

 

«Полилог 2019» байқауын «Жас Star» қоғамдық бірлестігі облыстық жастар ісі жөніндегі басқарма және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Қостанай облысы бойынша департаментімен бірлесіп өңірде бірінші рет өткізді.

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіндегі цифрлық хабта өткен байқауға облыс өңіріндегі жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Байқаудың шарты бойынша қатысушылар өздерінің тақырыбын тіркелу кезінде жеребе арқылы бір-ақ білді. Сүт пісірім уақыт дайындықтан кейін қатысушылар қазылар алқасы мен жұртшылық алдында 5 минут ғана сөйлеп, өзінің пікірін дәлелдеуі, шешендігін көрсетуі тиіс болды.

«Осындай форматтағы байқаулар Америкада, Еуропада жақсы табыспен өтеді. Қостанайда КВН, дебаттар секілді жастар қозғалысы дамып келеді, бірақ асыл сөз, шешендік байқауы алғаш рет өткізілді. Байқау ойын түрінде өткізілсе де, жастарға өткір мәселелерді көтеруге, өзін өзі дамытуға, белсенді азаматтық позицияда болуға, мәдениетін тәрбиелеуге үйретеді» дейді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бас маманы Евгений Бедыч.

Қатысушылар үш сағатқа созылған жарыста өздерінің парасат биігін, қоғамдағы экономикалық және саяси үдерістер өзектілігін дәлелдеуде білім қарымын және актерлік шеберлігін көрсете білді. Жарыстың жекелей қорытындысында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті Гүлжанар Қуекесова І орын, Рудный индустриалдық институтының студенті Вадим Кирсанов П орын, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенті Виктори Усанина Ш орын алды. Ал командалық есепте І орынды алаң иелері, П орынды Рудный индустриалдық институтының, Ш орынды Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің командалары жеңіп алды.