• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қазан, 2019

Қарақияда халық саны өсіп келеді

252 рет
көрсетілді

Қарақия ауданы халқының саны 2019 жылғы 1-қыркүйектегі жағдай бойынша 38 мың, яғни 101,3 пайызды құрады.

Аудан әкімі Қ.Бековтің айтуы бойынша, өнеркәсіп өнімдерінің (үй шаруашылығы секторын есепке алғандағы)ауқымы 2019 жылы қаңтар-қыркүйек айларына 827,2 млрд теңгені құраған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37 млрд теңгеге артты. Өнеркәсіптік өндірістің индексі – 99,3 пайызды құрап отыр. Ауданның аталған көрсеткіші облыстағы өнеркәсіп өнімдері ауқымының 37,9 пайыздық үлесін құрайды.

Сондай-ақ негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларына 114 млрд теңге құрады. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 млрд теңгеге төмен болып отыр.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 26,7 млрд теңгені құрап, нақты индекс көлемі 52,1 пайызды құрады. Аталған көрсеткіш 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22 млрд теңгеге төмен болып отыр  өткен жылғы құрылыс жұмыстарының көлемі 49,6 млрд теңге. Тұрғын үйлерді қолданысқа енгізу бойынша 2019 жылдың 9 айында 45,2 мың шаршы метр пайдалануға беріліп, көрсеткіш 120,8 %-ті құраса, аудан бюджеті 2019 жылға 13 млрд 353 млн теңгеге нақтыланып,қаңтар-қыркүйек айларында игерілуі жоспарланған 9 млрд 604 млн теңге 100% игерілді.

Жергілікті бюджетке түскен салықтық және салықтық емес түсімдер – 7 млрд 825 млн теңге немесе 101,5% құрады, өткен жылмен салыстырғанда 1 млрд 325 млн теңгеге артты.

Ауыл шаруашылық өнімінің көлемі бойынша 2019 жылдың 9 айында 2044,2 млн теңгені құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанды 100,1 пайызды құрады.

Бүгінгі күні аудан бойынша 485 шаруа қожалығы тіркелген, оның 41 егін шаруашылығы.