Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова кәсіпқой боксшы Қанат Исламды жеңісімен құттықтады.
«Құрметті Қанат! Сізді барша жанкүйерлердің және жеке өз атымнан Уолтер Каутондоквамен өткізген тартысты жекпе-жекте жеңіске жетуіңізбен құттықтаймын! Бүгінгі кездесуде Сіз өзіңізге тиесілі бірінші орта салмақтағы WBO International чемпионы атағын айқын басымдықпен қорғап қалдыңыз. Деніңізге саулық, алдағы жекпе жектеріңізге жарқын жеңістер тілеймін!» делінген хабарламада.